Көлікті жалға алу мереке ұйымдастыру кезіндегі сұранысқа ие қызметтердің бірі. Бұл қызметтің ыңғайлылығы қонақтардың шексіз санын тасымалдап, көлікті жүргізушісімен бірге жалға алып өзіңіз толыққанды демалып тойды мерекелеуіңізде, сондай-ақ лимузиндер, ретро көліктер, кареталар, мерекелік автобустар немесе арнайы безендірілген көлікті таңдай алатындығыңызда.
Жас жұбайлардың қонақтармен қаланы аралап, жарқын фото/видео түсірілім жасауы, салтанатты іс-шараның әдемі, әрі әрлі бағдарламасы болып табылады, себебі, үйлену тойына көлікті жалға алу мереке ұйымдастырушылардың дәстүрлі шешімі болып табылады.
Көлікті жалға алу барысында неге назар аудару қажет?
1. Тапсырыс беру шарттары. Сізге жалға алу мерзімін және бағасын, бронь жасау мүмкіндігі, қаржылық кепілпұл, көлік түрлерін және олардың техникалық жағдайын талқылауыңыз қажет. Жеке қалауларыңыз жайлы да айтуды ұмытпаңыз (салонда шампан қолдану, музыка және т.б.)
2. Көлікті экипажбен жалға алу. Көбінесе, бұл қызмет бір немесе екі жүргізушіні қамтиды, сондай-ақ сіз дербес қызмет көрсететін көлікке де тапсырыс бере аласыз. Ал егер көлік эксклюзивті түрде болса (тікұшақ, кеме, теплоход және т. б.), әдетте, кәсіби экипаж ұсынылады.
TOi BiZNES сіздің назарыңызға лимузинді жалға алу нарығындағы ең үздік хабарландыруларды ұсынады, қызметке телефон арқылы немесе онлайн тапсырыс бере аласыз.