TOiBiZNES.kz – Қазақстан бойынша той өткізуге қажетті түрлі қызмет түрлері мен өнімдерін ұсынатын бірегей деректер базасын құруға арналған ақпараттық, көп функционалды интернет-портал. Портал тұтынушы үшін ыңғайлы заманауи дизайнымен ерекшеленеді. Сайттың негізгі мақсаты Қазақстан аумағында түрлі іс-шаралар (үйлену той, туған күндер, мерейтойлар, көрмелер, мерекелік кештер) өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың (агенттік) жинағын құру болып табылады.
TOiBiZNES.kz порталы өз жұмысын 2016 жылы бастаған. Бүгінгі күні сұраныстың артуына байланысты оқырмандардың назарына сайттың жеке мобильді қосымшасы ұсынылып отыр. Қосымша оқырмандарға мемлекеттік тіл – қазақ тілі және орыс тілдерінде ұсынылған. Мобильді қосымшаны ұялы телефоныңызға жүктеу арқылы сіз, отбасыңызда немесе қызметте орын алатын іс-шараға қажетті тауарлар мен қызметтерді, оны өткізетін орындарды оңай таба аласыз.
Қосымша заманауи стильде жасалған және кез кеген жастағы адамға түсінікті. Android және iOS операциялық жүйелері үшін қолжетімді қосымшаны тегін жүктеп алуыңызға болады. Оны игеріп алуыңыз да уақыт алмайды. Той қарбаласы кезінде жұмыста, көлікте, үйде, қай жерде болмасын қажетті қызметтеріңізді қолыңыздағы ұялы телефоныңыз арқылы-ақ басқара аласыз. Басқа мобильді қосымшалардан ерекшелігі жеке профиліңізді ашып кез келген уақытта өзіңізге қажетті қызмет түрлерін, өнімдерді, орындарды қарастыра аласыз. Тек бұл емес, өз нөміріңізге ашылған профиліңізге бірлік салу (1 бірлік = 1 теңге) арқылы қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігі де бар. Өз балансыңызды Киви терминал, несиелік карта немесе SMS хабарламалар жіберу арқылы толтыра аласыз. Баланс салу тәсілдері қосымшада көрсетілген. Бұл қызмет сіздің уақыт үнемдеуіңізге және қаржылық келеңсіздіктерге тап болуыңыздың алдын алады.
Мобильді қосымшаны Қазақстанның бүкіл азаматтары және қонақтары қолдана алады. Сіз еліміздің қай аймағында болсаңызда, біздің TOiBiZNES.kz онлайн платформасының мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс жасауға болады. Басты бетке кіру арқылы ең алдымен өзіңізге қажетті аймақты таңдап, сол жерде қызмет көрсететін ұйымдарға сүзгі жасай аласыз. Қосымшада назарыңызға ұсынылатын барлық жарнамалар қызмет көрсету саласына қарай 15 бөлімге (мейрамхана, асаба, эстрада, шоу-бағдарлама, фото-видео, көлік, безендіру, гүлдер, сәнді киімдер, сұлулық салондар, дастархан, сыйлықтар, жабдықтар, шара ұйымдастыру, баспахана) бөлінген. Бұл арқылы сізде сансыз жарнамалар ішінен өзіңізге керектісін таңдау мүмкіндігі болады.
Мобильді қосымша көмегімен, Сіз:
Онлайн мобильді қосымшада сондай-ақ, жаңалықтар, мақалалар, мерекелік іс-шара өткізу үшін қызметтерді дұрыс таңдау турасындағы кеңестер мен ұсыныстар жарияланып тұрады. Сондай-ақ, сұранысқа ие қызметтер және жиі тапсырыс берілетін сайтымыздың үздіктері топ-жарнамаларда көрсетіледі.
TOiBiZNES.kz мобильді қосымшасы арқылы сіз барлық таңдауларыңыз бен тапсырыстарыңызға бақылау жасай аласыз. Ол арқылы қызмет түрін таңдап, хабарлама жолдап, пікір қалдыруға, тікелей хабарласуға мүмкіндігіңіз бар. Қосымша барынша қолданысқа ыңғайлы етіп жасалынған. Тек біздің қатарымызға қосылсаңыз болғаны. Армандарыңызға TOiBiZNES.kz арқылы қол жеткізіңіз!