Біздің серіктестерге

Біздің серіктестерге

Құрметті достар, әріптестер!

Ең алдымен Сізге өрлеу алаңы ретінде біздің www.toibiznes.kz порталымызды таңдағаныңызға алғыс білдіремін!

Өзіңіз білетіндей, жоба командасы Сіздің көп тапсырыс қабылдауыңыз үшін сайт трафигін ұлғайту, және соған сай тұтынушылар аудиториясын арттыру жолында талмай жұмыс жасайды.

Ол үшін біз түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында, Facebook, VK, Instagram, сынды әлеуметтік желілерде, т.б. белсенді түрде жарнама жасаумен айналысамыз. Мәселен, Nur.kz сынды порталдарда жарияланған әр мақала оқылымы 40 мыңнан асты. Барлық жарияланымдармен мына жерде таныса аласыз.

Біз Сізді үйлену той, мерейтой, туған күн, мерекелерді дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасау үшін потенциалды тұтынушылармен жұмыс жасау тәжірибеңізбен және бәсекелестік қабілетіңіздің сипатымен бөлісуге шақырамыз. Біз бұл жағынан Сізге қуана көмектесеміз және www.toibiznes.kz порталында қызықты материал жариялап, әлеуметтік желілерде таратамыз.

Тағы бір мысал, 2016 жылдың ақпан айында Сіздермен бірге ұйымдастырып өткізген «ТОЙ-мен бөліс» қайырымдылық шарасы жайлы республикалық ірі БАҚ өкілдері ақпарат таратты. Ол сайт танымалдығын арттыруға ерекше әсер етті. Өткен шара жайлы толығырақ мына жерде таныса аласыз.

Бізде қосымша контекстік медиалық жарнама (Қосымша №1) ақылы құралы қолданылады. Одан бөлек біз қазіргі таңда сайт тұтынушыларын арттыру үшін сайтты SEO-оңтайландырумен айналысудамыз.

Аталған жұмыстар нәтижесінде сайттың бірегей қонақтары саны айына 3 мыңнан 8,5 мыңға дейін артты. Осыған сай біздің порталдың 34 000 парақшасы қаралды (Қосымша №2). Десек те, біз мұнымен шектеліп қалмақ емеспіз, жуық арада қаралым көрсеткіші мен қонақтар санын еселеп арттыруды жоспарлап отырмыз. Біздің көздеген нысанамыз – Қазнет кеңістігінде №1 сайт болу.

Алға осындай өр мақсаттар қоя отырып, біз Сізден хабарландыруыңызды қайта тексеріп шығуыңызды өтінеміз. Кей сәттерде мәтінді орыс тілінде енгізуге, жарқын суреттер санын көбейтуге, видео қатарын қосуға, т.б. тура келеді. Одан бөлек, кей тұтынушыларда Сізге хабарласу/жазу/жету қиындығы тумау үшін жеке деректеріңіздің дұрыстығына: телфон нөмірі, e-mail, және мекен-жай ақпараттарының нақтылығына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Баяндалған деректер негізінде Сізден сайт шеңберінде «ТОП Қазақстан», «ТОП Аймақ», «Көтеру», «Белгі қою», «Түспен белгілеу» құралдарын қолдану арқылы хабарландыруыңыздың өрлеуін қамтамасыз етуге белсене атсалысуыңызды сұраймыз.

Бұл Сіздің хабарландыруыңыздың қаралу санын көбейтіп, тапсырыстар артуына ықпал етеді. Мен бірлесіп жұмыс жасау бәрімізге елеулі жетістіктер сыйлайтынына сенімдімін!

 

Құрметпен,

www.toibiznes.kz

Бас директоры                                                                                                 Базарбаев Әділхан