Тоймен бөліс!

Тоймен бөліс!

ТОЙМЕН БӨЛІС!

 

«Toi Biznes.kz» интернет порталы ҚР барлық аумағында мереке-думан ұйымдастырушылар, түрлі қызмет түрін ұсынушылар базасын қамтыған, қазақ және орыс тілінде ақпарат тарататын жалғыз жарнама порталы. Жоба құрылған екі айдан астам уақытта сайт құрылымы реттеліп, жарнамалық жобалар жүзеге асу жоспарланған. Жоба жетекшілері алғашқы жарнамалық акцияға жұмсалатын қаражатты қайырымдылыққа жұмсауға ниет етіп отыр.

Осыған орай Елбасының жарлығымен бекітілген 1-наурыз Алғыс айту күні қарсаңында «Toibiznes.kz» интернет порталы «1000 мейірімді іс» акциясының шеңберінде «Қайырымды жандар» белсенді еріктілер тобымен бірге «ТОЙ-мен бөліс» қайырымдылық шарасын өткізеді.

13-ақпанда Алматы қаласындағы Арбатқа (Жібек жолы-Панфилов к-нің қиылысы) екі жүк көлігі келіп тоқтайды. Бірінші көлік «Toi Biznes.kz» компаниясынан азық-түлікпен толтырылады. Екінші жүк көлігі бос қойылып, ниет білдірген қала тұрғындары мен өзге кәсіпкерлерге арналады. Шара барысында танымал өнер адамдарының қатысуымен түрлі қойылымдар өтеді. Жиналған азық-түлік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға таратылады.

 

Шараның негізгі мақсаты қоғамдағы жас кәсіпкерлер мен барша халықты Елбасымыздың бастамасына қолдау білдіруге шақыру. Жаңа жобаның басын жақсылықпен бастауға үндеу! Дағдарыс уақытында мұқтаж жандарға демеу болып, адам бойындағы қиналғанға қол ұшын созатын асыл қасиетті арттыру!

Мекен-жайы: Алматы қ. Жібек жолы – Панфилов көшесінің қиылысы (Арбат)

Уақыты: 13-ақпан, 2016 жыл

Ашылуы: сағ.10:00

Аяқталуы: сағ.15:00