Тойдың төресі – Тәуелсіздік күні!

Тойдың төресі – Тәуелсіздік күні!

Мемлекетіміз осыдан 24 жыл бұрын дәл осы күні өзінің тәуелсіздігін жариялаған болатын. 24 жыл бірімізге ширек ғасырға жуық уақыт болса, біріміз үшін 8766 күн ғана. Аз ба, көп пе, осы уақыт ішінде Қазақстанымыздың жеткен жетістіктеріне баршамыз куәміз. Осы уақыт ішінде жүрегімізде болашаққа деген нық сенім ұялады. Тыныштық ту тіккен жерде ғана той тойлап, мерекені берекелі өткізіп, мағыналы ғұмыр кешу мүмкін екенін ұқтық. Баянды болашақтың кепілі – тәуелсіздік екені жадымызға мықтап жазылды. Басымызға бұйырған осы бақыттың баянды, мемлекетіміздің мәңгілік ел болуын тілей отырып, «TOi BiZNES» ұжымының атынан барша Қазақстандықтарды «көппен көрген ұлы той» — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!